Астанада Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды

© Photo : Астана әкімдігіАстанада Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды
Астанада Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2025
Жазылу
Ауа райының күрт жылынуы салдарынан өзеніндегі мұздың қалыңдығы азайған
АСТАНА, 31 желтоқсан - Sputnik. Астанада ауа райының күрт жылынуы мен қардың еруіне байланысты Есіл өзенінің жағалауында орналасқан мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының күрт жылынуы салдарынан Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы азайған. Қазіргі уақытта өзен арнасындағы мұздың қалыңдығы 22 сантиметрді құрайды, ал кейбір учаскелерде (Орталық жағажай аумағында) 35–37 сантиметрге жетеді.
"Осыған байланысты жаңа жыл мерекелері кезеңінде тұрғындар қауіпсіздік мақсатында өзен үстіне шықпағаны жөн. Сондай-ақ Есіл жағалауындағы мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды", - дейді әкімдік.
Мұздың қалыңдығы департамент белгілеген нормативтік деңгейге жеткеннен кейін аталған нысандар қайтадан пайдалануға беріледі.
Алматыдағы Медеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
"Медеу" мұз айдыны екі жылға жабылады
Жаңалықтар
0