"Медеу" мұз айдыны екі жылға жабылады
22:52 20.03.2025 (жаңартылды: 23:04 20.03.2025)
© Sputnik /Камшат АбдирайымАлматыдағы Медеу

© Sputnik /Камшат Абдирайым
Жазылу
Мамандар көрікті жердің архитектуралық келбетін сақтауға уәде беріп отыр
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Алматыда Медеуде коньки тебу маусымы 10 күнге ұзартылды. Одан кейін нысан екі жылға қайта жөндеуге жабылады, деп хабарлады КТК арнасы.
Билік қаланың басты көрікті жерін ауқымды жаңғырту жөнінде жариялады. Жоспар бойынша жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан бастап, инженерлік желілер мен салқындату жүйелерін жаңартуға дейін ауқымды жұмыс жүргізіледі.
"Жаңғырту бір мердігер барлық жұмысты атқарып, өзі тапсыратын негізде орындалады. Мердігер заңға сәйкес ашық конкурс арқылы таңдалады. Содан кейін ол жоба әзірлейді. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтуі керек. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша құны мен басқа мән-жайы белгілі болады", - деді Алматы әкімдігі жобалық кеңсенің ресми өкілі Ерден Тұрысбеков.
"Медеу" кешені осыдан 53 жыл бұрын ашылған. Соңғы рет 2008 жылы модернизацияланған. Одан кейін мұз айдынында ештеңе жаңартылған жоқ. Сондықтан тұрғындар жарықтандырудың нашарлығы, денсаулық баспалдақтарының жағдайы, биоәжетханалардың жоқтығынанаразылық айтуда.
Жаңғырту кезінде мамандар Медеудің архитектуралықкелбетін сақтауға уәде беріп отыр.
"Инженерлік желілерге келетін болсақ, барлығы апатты жағдайда тұр. Ұзын кезекті болдырмау үшін электронды кезек құру қажет. Барлығын жасанды интеллектпен байланыстыру керек. Жыл бойы пайдалануға арналған жабық аймақтарды, цифрлық өнер элементтерін жасау қажет. Жарық проекциялары, жастарды қызықтыратын инсталляциялар , ақылды жарықтандыруды, энергияны үнемдейтін жүйені қолдану керек", - дейді сәулетші Гүлмира Үрбісінова.
Жоспарға сәйкес, "Медеу" сырғанау алаңын ауқымды жаңғырту жұмыстары екі жылға созылады. Шенеуніктер жобаның құнын мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша анықтайды.