https://sputnik.kz/20250311/almatyda-qarzhy-piramidasy-salymshylardan-124-mlrd-tenge-tartqan-51501413.html
Алматыда қаржы пирамидасы салымшылардан 12,4 млрд теңге тартқан
Алматыда қаржы пирамидасы салымшылардан 12,4 млрд теңге тартқан
Sputnik Қазақстан
Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген 11.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-11T09:50+0500
2025-03-11T09:50+0500
2025-03-11T09:50+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_43670f669029685dbede4eb5e60b24cf.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен "Asar Baspana" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.Ол тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеген.Шын мәнінде нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған. Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.Күдіктілер салымшыларды адастырып, Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген. Шындығында өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып"Asar Baspana" логотипімен таңбаланған.2024 жылы желтоқсан айынан бастап, пирамидаға деген сенім азая бастаған кезде, ұйымдастырушылар автосалон ашып, ресми дилерлермен әріптестік орнаттық деген жалған ақпарат таратқан. Шын мәнінде автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып Туғанбаевтың туыстарына рәсімделген.Пирамиданы әшкере қылатын жағдайлар туындаған тұста, Туғанбаев Н.М. 8 ақпан күні "Asar Baspana" сайтын техникалық режимге ауыстырған. Бұл қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында жасалды.Еске салайық, 2025 жылғы 9 ақпанда 49 кеңседе және 81 күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Оның нәтижесінде 1,1 млрд теңге, Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 сияқты 10 премиум-класстағы автокөліктер тәркіленді, олар Туғанбаев пен оның жақындарына рәсімделген.Сонымен қатар Ақтау қаласында Туғанбаев Н.М.-ның бауырының үйінен кооперативтің есепшоттарында болуға тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылды. 1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұғатталып, тыйым салынған.2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев Н.М. мен Байтасов Н-ға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_ec388095f407e1d42b5537e42bdbcc39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Алматыда қаржы пирамидасы салымшылардан 12,4 млрд теңге тартқан
Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен "Asar Baspana" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Ол тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеген.
"Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған пирамида ұйымдастырушылары 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен", - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Шын мәнінде нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған. Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.
Күдіктілер салымшыларды адастырып, Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген. Шындығында өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып"Asar Baspana" логотипімен таңбаланған.
2024 жылы желтоқсан айынан бастап, пирамидаға деген сенім азая бастаған кезде, ұйымдастырушылар автосалон ашып, ресми дилерлермен әріптестік орнаттық деген жалған ақпарат таратқан. Шын мәнінде автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып Туғанбаевтың туыстарына рәсімделген.
Пирамиданы әшкере қылатын жағдайлар туындаған тұста, Туғанбаев Н.М. 8 ақпан күні "Asar Baspana" сайтын техникалық режимге ауыстырған. Бұл қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында жасалды.
"Алайда тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. Сайт деректеріне сәйкес, "Gold" деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының біреуіне ғана пәтер берілген. Platina" бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің арасынан тек бір салымшыға көлік берілген", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 2025 жылғы 9 ақпанда 49 кеңседе және 81 күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Оның нәтижесінде 1,1 млрд теңге, Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 сияқты 10 премиум-класстағы автокөліктер тәркіленді, олар Туғанбаев пен оның жақындарына рәсімделген.
Сонымен қатар Ақтау қаласында Туғанбаев Н.М.-ның бауырының үйінен кооперативтің есепшоттарында болуға тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылды. 1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұғатталып, тыйым салынған.
2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев Н.М. мен Байтасов Н-ға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.