Құтқарушылар туристерге үндеу жасады

© Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
Жазылу
Алматы тауларындағы қайғылы оқиғадан кейін құтқарушылар туристерді сақ болуға шақырды
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құтқарушылар туристерді төмендегі ережелерді сақтауға кеңес берді:
маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
ауа райы болжамын тексеріңіз – тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
дене дайындығыңызды пысықтаңыз – әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды 2–3 күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс.
Есетіңізге сала кетейік, 24 желтоқсанда үш адам тауға кетіп, олармен байланыс үзілген болатын. Екі күннен кейін дронның көмегімен жоғалғандардың бірінің денесі табылды. 27 желтоқсанда қалған екеуі табылды.
