Алматы тауларында жоғалған тағы екі адамның денесі табылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАлматы тауларында жоғалып кеткен тағы екі адамның денесі табылды
Алматы тауларында жоғалып кеткен тағы екі адамның денесі табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2025
Жазылу
Тауға кеткен үш адам да қаза тапты
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыда шамамен 3700 метр биіктікте орналасқан "Локомотив" шыңы маңынан құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
24 желтоқсанда үш адам тауға кетіп, олармен байланыс үзілген. Екі күннен кейін дронның көмегімен жоғалғандардың бірінің денесі табылған болатын. Бүгін қалған екеуі табылды.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАлматы тауларында жоғалып кеткен тағы екі адамның денесі табылды
Поиск пропавших в горах Алматы вели сотрудники МЧС - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2025
Алматы тауларында жоғалып кеткен тағы екі адамның денесі табылды
"Хабар түскен сәттен бастап "Мыңжылқы" бөгеті ауданында жедел штаб құрылды. Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері, құтқару қызметі, полиция, Альпинизм федерациясы және еріктілер жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару операциясына ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды", - делінген хабарламада.
Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына шамамен 80 адам, 12 техника, 4 кинологиялық есепжәне 4 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары биік таулы қиын жағдайда жүргізілді және төмен температура, көшкін қаупі мен күрделі жер бедері авиацияны қолдануды шектеп, іздеу топтарының қозғалысын баяулатты, дейді құтқарушылар.
© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАлматы тауларында жоғалып кеткен тағы екі адамның денесі табылды
Поиск пропавших в горах Алматы вели сотрудники МЧС - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2025
Алматы тауларында жоғалып кеткен тағы екі адамның денесі табылды
Қолайсыз ауа райына байланысты қаза болғандардың денесі жаяу "Медеу" құтқару бекетіне дейін түсірілді. Марқұмдардың денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарға шыққан кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Жаңалықтар
0