https://sputnik.kz/20251230/qazaqstanda-5-mynnan-astam-baq-tirkelgen---balaeva-60052180.html
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген - Балаева
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген - Балаева
Sputnik Қазақстан
Оның ішінде 306 шетелдік БАҚ бар 30.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-30T17:56+0500
2025-12-30T17:56+0500
2025-12-30T19:23+0500
министрлік
бақ
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0a/59491841_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c982d0db85f7411018ec9cefe62a62ff.jpg
АСТАНА, 30 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда 5 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 306 шетелдік, деп хабарлады вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.Биылдың өзінде 515 жаңа БАҚ пайда болды, деді вице-премьер.Аида Балаева сондай-ақ 2025 жылы онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заң жобалары әзірленгенін айтты. Балаларды желіде таратылатын деструктивті мазмұннан шектеу ұсынылады. Ұсынылған шектеулердің қатарына ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу жатады."Бұл жұмыс ақпараттық кеңістікте заңсыз мазмұнның таралуын азайтуға бағытталған. Онлайн платформа әкімшілігі мен анонимді әлеуметтік медиа пайдаланушыларының жауапкершілігі артып келеді. Сонымен қатар балаларды онлайн платформаларда таратылатын деструктивті мазмұннан шектеу ұсынылады", - деді ол.Балаева Қазақстанда алғаш рет аудиовизуалды платформаларды заңнамалық реттеу енгізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда, енді Қазақстан аумағында осындай қызмет үшін тиісті лицензия алу қажет.Сонымен қатар вице-премьер мемлекеттік хабар тарату желісі қатар дамып келе жатқанын айтты. Шекара маңындағы елді мекендерде 120 радио таратқыш іске қосылады. 2025 жылы телекөрсетілімді өлшеу жүйесі кеңейтілді.Теледидар медиа кеңістіктің маңызды бөлігі болып қала береді, деді Балаева.*ЛГБТ қозғалысы Ресейде экстремистік деп танылды және тыйым салынды.
https://sputnik.kz/20251201/balaeva-zhana-qyzmetke-tagayyndaldy-59253214.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0a/59491841_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f74f16c70d55e48808a3996e78c50817.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, бақ, шетелдік
министрлік, бақ, шетелдік
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген - Балаева
17:56 30.12.2025 (жаңартылды: 19:23 30.12.2025) Оның ішінде 306 шетелдік БАҚ бар
АСТАНА, 30 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда 5 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 306 шетелдік, деп хабарлады вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Биылдың өзінде 515 жаңа БАҚ пайда болды, деді вице-премьер.
"Бұл мамандыққа деген қызығушылықтың артқанын, медиа нарықтың белсенді дамығандығын көрсетеді. Ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру басымдықтардың бірі болып қала береді", - деді ол.
Аида Балаева сондай-ақ 2025 жылы онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заң жобалары әзірленгенін айтты. Балаларды желіде таратылатын деструктивті мазмұннан шектеу ұсынылады. Ұсынылған шектеулердің қатарына ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу жатады.
"Бұл жұмыс ақпараттық кеңістікте заңсыз мазмұнның таралуын азайтуға бағытталған. Онлайн платформа әкімшілігі мен анонимді әлеуметтік медиа пайдаланушыларының жауапкершілігі артып келеді. Сонымен қатар балаларды онлайн платформаларда таратылатын деструктивті мазмұннан шектеу ұсынылады", - деді ол.
Балаева Қазақстанда алғаш рет аудиовизуалды платформаларды заңнамалық реттеу енгізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда, енді Қазақстан аумағында осындай қызмет үшін тиісті лицензия алу қажет.
"Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды қамту да жалғасуда. Жыл соңына дейін 63 жаңа радиотелевизиялық станция пайдалануға беріледі, бұл 95% халықты цифрлық эфирлік теледидармен қамтуға мүмкіндік береді", - деп қосты ол.
Сонымен қатар вице-премьер мемлекеттік хабар тарату желісі қатар дамып келе жатқанын айтты. Шекара маңындағы елді мекендерде 120 радио таратқыш іске қосылады. 2025 жылы телекөрсетілімді өлшеу жүйесі кеңейтілді.
Теледидар медиа кеңістіктің маңызды бөлігі болып қала береді, деді Балаева.
*ЛГБТ қозғалысы Ресейде экстремистік деп танылды және тыйым салынды.