https://sputnik.kz/20251201/balaeva-zhana-qyzmetke-tagayyndaldy-59253214.html
Балаева жаңа қызметке тағайындалды
Балаева жаңа қызметке тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Аида Балаева бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі болды 01.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-01T10:10+0500
2025-12-01T10:10+0500
2025-12-01T10:15+0500
аида балаева
жаңа қызмет
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53976282_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6109fc9af415a64c6d61c50515e3669a.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Аида Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда."Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.Аида Балаева туралы не білемізАида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті. 2020 жылғы 4 мамыр – 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды. Одан кейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.2023 жылдың 2 қыркүйегінен бүгінге дейін мәдениет және ақпарат министрі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1c/53976282_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dbcdcb27048a63ef4c1c007287b8fc13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аида балаева, жаңа қызмет
аида балаева, жаңа қызмет
Балаева жаңа қызметке тағайындалды
10:10 01.12.2025 (жаңартылды: 10:15 01.12.2025) Аида Балаева бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі болды
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Аида Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Аида Балаева туралы не білеміз
Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.
Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті.
2020 жылғы 4 мамыр – 2022 жылғы 11 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінде болды. Одан кейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың 2 қыркүйегінен бүгінге дейін мәдениет және ақпарат министрі болды.