Ақтөбеде полиция бір мезетте 20 дрон ұшырды

Дрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2025
Жазылу
Дрондар адамдар көп жиналатын орындарда ұшырылды
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында бір мезетте 20 дрон ұшырды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Ақтөбе қаласында полиция, прокуратура қызметкерлері және жоғары еуропалық колледждің студенттері интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы тұрғындарға ерекше әрі заманауи тәсілмен ескертті. Іс-шара аясында қала аумағының әртүрлі бөліктерінде бір мезетте 20 дрон ұшырылды.
"Ұшқышсыз ұшу аппараттары облыс орталығының саябақтары мен скверлерінде профилактикалық ұшулар жасап, орнатылған дауыс күшейткіштер арқылы тұрғындарға алаяқтардан қорғанудың қарапайым, бірақ маңызды ережелерін еске салды. Атап айтқанда, бейтаныс адамдармен сөйлесу барысында сақ болу, жеке деректерді, банк карталарының мәліметтері мен растау кодтарын бермеу, сондай-ақ күмәнді өтініштер бойынша ақша аудармау қажеттігі айтылды", - дейді полиция.
Дрондар адамдар көп жиналатын орындарда ұшырылды.
Полиция деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Ақтөбе облысында интернет-алаяқтықтың мыңнан астам дерегі тіркелген. Полиция азаматтарды қырағы болуға, алынған ақпаратқа сын көзбен қарауға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде 102 нөміріне дереу хабарласуды ескертті.
Түркістан облысы Сауран ауданындағы шағын өнеркәсіп паркі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Түркістан облысында дрон шығарылады
Жаңалықтар
0