https://sputnik.kz/20250703/turkistan-oblysynda-dron-shygarylady-55322053.html
Түркістан облысында дрон шығарылады
Түркістан облысында дрон шығарылады
Sputnik Қазақстан
Зауыт ашылған соң елімізді ауыл шаруашылығы дрондарымен қамтиды 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T08:23+0500
2025-07-03T08:23+0500
2025-07-03T08:23+0500
дрон
зауыт
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55320205_0:1:1278:720_1920x0_80_0_0_7cabd61af52523a6e0d7dd5ece049c57.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы "Шағын өнеркәсіп паркін" аралап, жүзеге асырылған және енді іске қосылатын жобалармен танысты. Жауаптыларға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.Облыс әкімі "AVATAR AGRICULTIRAL TECHNOLOGY DEVELOPMENT" компаниясының өндіріс орнында болды. Бұл компаниямен жыл басында ауыл шаруашылығы дрондарын шығаратын зауыт ашу бойынша келісім жасалған болатын.Жобаның болжамдық құны – 5 млн АҚШ доллары. Қуаттылығы айына – 600 дана. Бүгінде қытайлық инвестор ғимаратты өндіріске бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтарын жеткізе бастады. Жұмыстың басым бөлігін негізінен роботтар атқарады деп күтілуде.Өңір басшысы ауыл шаруашылығы техникаларын, тұрмысқа қажетті пакет шығаратын, жиһаз өндіретін және өзге де кәсіпорындарды аралап көрді. Жылу қазандықтарын құрастыру жоспары да пысықталды.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55320205_159:0:1119:720_1920x0_80_0_0_eb99098eb63ae794798c742ccb646abc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон, зауыт, түркістан облысы
дрон, зауыт, түркістан облысы
Түркістан облысында дрон шығарылады
Зауыт ашылған соң елімізді ауыл шаруашылығы дрондарымен қамтиды
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы "Шағын өнеркәсіп паркін" аралап, жүзеге асырылған және енді іске қосылатын жобалармен танысты. Жауаптыларға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
"Біздің басым бағытымыз – өндіріс орындарын ашу. Одан басқа жол жоқ. Өндірістік парктегі әрбір ғимаратта өндіріс орындары жедел іске қосылып, жұмыс орындары ашылуға тиіс. Ал ғимаратты алып, жобаны кешіктіргендермен жұмыс жүргізіңіздер. Нысанды басқа инвесторлар мен кәсіпкерлерге ұсыну қажет. Жұмыстар жоспардан кешікпеуі керек", – деді Нұралхан Көшеров.
Облыс әкімі "AVATAR AGRICULTIRAL TECHNOLOGY DEVELOPMENT" компаниясының өндіріс орнында болды. Бұл компаниямен жыл басында ауыл шаруашылығы дрондарын шығаратын зауыт ашу бойынша келісім жасалған болатын.
Жобаның болжамдық құны – 5 млн АҚШ доллары. Қуаттылығы айына – 600 дана. Бүгінде қытайлық инвестор ғимаратты өндіріске бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтарын жеткізе бастады. Жұмыстың басым бөлігін негізінен роботтар атқарады деп күтілуде.
"Өңір басшысы инвестормен пікір алмасып, жобаға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Аталған зауыт ашылған соң елімізді ауыл шаруашылығы дрондарымен қамтуды көздеп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Өңір басшысы ауыл шаруашылығы техникаларын, тұрмысқа қажетті пакет шығаратын, жиһаз өндіретін және өзге де кәсіпорындарды аралап көрді. Жылу қазандықтарын құрастыру жоспары да пысықталды.