Жыл соңына дейін студенттер үшін тағы 5 жатақхана пайдалануға беріледі

© Sputnik/Ертай СарбасовСтудент жатақханасы
Студент жатақханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
2025 жылы студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 10 740 орындық 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар іске қосылады, деп мәлімдеді үкіметте ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова.
Министрліік өкілі жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 10 740 орындық 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған.
"Жыл басынан бері 8 757 орынға арналған 26 жатақхана пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 1 983 орындық тағы 5 жатақхана қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы, 2018 жылдан бері студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы 72,5%-ға: 2018-2019 оқу жылындағы 61,4 мың орыннан 2024-2025 оқу жылындағы 16,9 мың орынға дейін қысқарды. Бұл студенттердің өмір сүру жағдайының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.
Аудиториядағы студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2025
Биыл Астанада студенттерге 8 жатақхана пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
0