"Тәжен" өткізу пунктін жаңғырту: жүк көліктерінің қозғалысы шектелді ме

© Photo : КГД МФ РКШекара бекеті
Шекара бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пункті техникалық іске қосылды
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті "Тәжен" өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарының көлік қозғалысына әсері жөнінде мәлімдеме жасады.

"Тәжен" өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары оның жабылуынсыз жүргізіліп жатыр, өз кезегінде шекарадан жүк көлік құралдарының өтуі шектеусіз жүзеге асырылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Комитетте хабарлағандай, бас мердігердің ақпараты бойынша қазіргі күні қарыздар мен жобаны қаржыландыруда ешқандай мәселелер туындаған жоқ.
Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы көршілес жатқан "Дәут Ата" өткізу пунктін қайта жаңартылып жатыр. Осыған байланысты жеке тұлғалардың, жеңіл автомобильдер мен жолаушылар автобустарының өтуі шектелген.
Қазіргі уақытта "Тәжен" өткізу пункті техникалық іске қосылды. Инспекциялық-тексеру кешендері, салмақ-габаритін өлшеу және өзге де жабдықтар орнатылып, бейтарап жолақ салынды.
Өткізу пунктінің өткізу қабілеттілігіне әсер етпейтін жұмыстар жалғасып жатыр.
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Ресейге өтетін шекара бекетінде 100-ге жуық көлік жиналды – себебі қандай
Жаңалықтар
0