https://sputnik.kz/20250925/reseyge-otetin-shekara-beketinde-zhuzdegen-kolik-zhinaldy--sebebi-zhariyalandy-57361407.html
Ресейге өтетін шекара бекетінде 100-ге жуық көлік жиналды – себебі қандай
Ресейге өтетін шекара бекетінде 100-ге жуық көлік жиналды – себебі қандай
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаменті "Құрманғазы" өткізу пунктінде жүк көліктерінің жиналуына қатысты түсініктеме... 25.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-25T18:35+0500
2025-09-25T18:35+0500
2025-09-25T18:44+0500
қазақстан
ресей
шекара
https://sputnik.kz/img/671/66/6716608_0:0:1032:581_1920x0_80_0_0_4b7c93ef9f6a77ca7e2858c69b5a670c.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаменті "Құрманғазы" өткізу пунктінде жүк көліктерінің жиналуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін Ресей бағытында шамамен 100 жүк көлігі жиналып қалған. Ал "Құрманғазы" өткізу пункті күніне бір бағытта 250–дей көлік өткізе алады.Көлік жүргізушілері тағы бірнеше себебін айтып отыр. Батыс Қазақстан облысында "Сырым" өткізу бекетінде 1 тамызда жөндеу жұмыстары басталған. Ал Ресейдің Самара облысында қыркүйек айынан бері Қазақстан жағынан өткен жүк көліктеріне қатаң бақылау жүргізіледі. Астрахань облысында ондай қатаң шаралар жоқ."Содан жүк тасымалдаушылар Ресей мен Европа елдеріне тез жету үшін осы "Құрманғазы" бекетін таңдайды. Бүгінде өткен жылмен салыстырғанда шекарадан өту саны және сәйкесінше жүк көліктерінің өткізу мүмкіндігі 110 процентке артты. Сондықтан көлік кептелісін болдырмау мақсатында шекара қызметі уәкілетті органдарға өткізу пунктін кеңейтуге қатысты ұсыныстар жіберуі керек деп есептейміз. Қазіргі уақытта электронды кезекке байланысты ешқандай мәселе жоқ, барлық жүргізуші өту талондарымен кезекке сәйкес өткізіліп жатыр", - дейді депаратмент мамандары.Айта кетері, "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесімен өту кезінде тасымалдаушылар өтінім мақұлданғаннан кейін өткізу пунктіне уақтылы келуі керек.
https://sputnik.kz/20250920/reseydin-qazaqstanmen-shekarada-zhukterdi-tekseru-uaqyty-8-minuttan-aspaydy-57242224.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/66/6716608_129:0:904:581_1920x0_80_0_0_e27f0e4b611d65603b04dea79c21d636.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, шекара
Ресейге өтетін шекара бекетінде 100-ге жуық көлік жиналды – себебі қандай
18:35 25.09.2025 (жаңартылды: 18:44 25.09.2025) АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаменті "Құрманғазы" өткізу пунктінде жүк көліктерінің жиналуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Ресей бағытында шамамен 100 жүк көлігі жиналып қалған. Ал "Құрманғазы" өткізу пункті күніне бір бағытта 250–дей көлік өткізе алады.
"Алайда қазіргі таңда "Атырау-Астрахань" тас жолындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты аталған бекетке күніне 300-350-дей көлік келіп жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Көлік жүргізушілері тағы бірнеше себебін айтып отыр. Батыс Қазақстан облысында "Сырым" өткізу бекетінде 1 тамызда жөндеу жұмыстары басталған. Ал Ресейдің Самара облысында қыркүйек айынан бері Қазақстан жағынан өткен жүк көліктеріне қатаң бақылау жүргізіледі. Астрахань облысында ондай қатаң шаралар жоқ.
"Содан жүк тасымалдаушылар Ресей мен Европа елдеріне тез жету үшін осы "Құрманғазы" бекетін таңдайды. Бүгінде өткен жылмен салыстырғанда шекарадан өту саны және сәйкесінше жүк көліктерінің өткізу мүмкіндігі 110 процентке артты. Сондықтан көлік кептелісін болдырмау мақсатында шекара қызметі уәкілетті органдарға өткізу пунктін кеңейтуге қатысты ұсыныстар жіберуі керек деп есептейміз. Қазіргі уақытта электронды кезекке байланысты ешқандай мәселе жоқ, барлық жүргізуші өту талондарымен кезекке сәйкес өткізіліп жатыр", - дейді депаратмент мамандары.
Айта кетері, "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесімен өту кезінде тасымалдаушылар өтінім мақұлданғаннан кейін өткізу пунктіне уақтылы келуі керек.