Қытайда әлемдегі ең ұзын автокөлік тоннелі ашылды (ВИДЕО)

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Тоннельдің ұзындығы 22 шақырымнан асады
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Қытай билігі елдің солтүстік-батысында орналасқан "Тяньшань Шэнли" автокөлік тоннелін 26 желтоқсанда ресми түрде пайдалануға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
China Daily басылымының жазуынша, тоннельдің ұзындығы 22 шақырымнан асады. Қытай тарапының мәлімдеуінше, бұл – әлемдегі ең ұзын жылдам жүруге арналған автожол тоннелі. Ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан және таулы аймақ арқылы жүру уақытын бірнеше сағаттан небәрі 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Тоннель сол күні іске қосылған G0711 Үрімші – Юйли жоғары жылдамдықты автожолының бойында орналасқан. Ұзындығы 324 шақырымнан асатын бұл автомагистраль Шыңжаңның солтүстігі мен оңтүстігіндегі қалалық агломерацияларды байланыстыратын маңызды көлік күре жолы болып саналады.
Аталған жобаның құрылысы бес жылға созылды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 46,7 млрд юаньды құрады.
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2024
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Жаңалықтар
0