https://sputnik.kz/20240912/qazaqstandagy-en-uzyn-avtomobil-tunneli-paydalanuga-berildi-47046196.html
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Sputnik Қазақстан
Тоннелдің жанында жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған 12.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-12T14:15+0500
2024-09-12T14:15+0500
2024-09-12T14:15+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0c/47032079_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_feab7852373ee6fd8df0404afd0c0b82.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді, деп хабарлады Көлік министрлігі.Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы 840 метрді құрайды. Ені - 11 метр, биіктігі - 8 метр.Сонымен қатар нақты уақыт режимінде тоннелді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған.Тоннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған.Автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмылдырып, арнайы оқу-жаттығулары өткендігін атап өткен жөн.Арнайы жаттығулар шеңберінде тоннелдің қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды. Жол қызметтеріне нұсқаулық берілді.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0c/47032079_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6ac8800cf022be6bc37019c097fa68ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Тоннелдің жанында жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы 840 метрді құрайды. Ені - 11 метр, биіктігі - 8 метр.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тоннелдің екі жағында жарықтандыру, желдету, дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерістерін басқаратын диспетчерлік пункттер қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар нақты уақыт режимінде тоннелді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған.
Тоннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған.
Автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмылдырып, арнайы оқу-жаттығулары өткендігін атап өткен жөн.
Арнайы жаттығулар шеңберінде тоннелдің қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды. Жол қызметтеріне нұсқаулық берілді.