Атырау облысында табиғи газдан уланған үш адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2025
Жазылу
Табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану талаптары бұзылған
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында үш адам табиғи газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық ТЖД мәліметінше қайғылы оқиға 28 желтоқсан күні сағат 13:40-та Атырау қаласы Томарлы ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
"Алдын ала болжам бойынша табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану талаптарының бұзылуынан 3 адам табиғи газдан уланып, оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция департаменті қызметкерлері өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындады.
Атырау облысы ТЖД азаматтарды газ қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Оралда бір отбасы уланып қалды: бесеуі бала  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Оралда газдан бір отбасы уланып қалды
Жаңалықтар
0