Оралда газдан бір отбасы уланып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевОралда бір отбасы уланып қалды: бесеуі бала
Оралда бір отбасы уланып қалды: бесеуі бала  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Жазылу
Зардап шеккендердің бесеуі бала
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Орал қаласының Зачаганск кентінде бір отбасының алты мүшесі уланып қалды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі.
Оқиға 18 желтоқсанда болған. Жеке тұрғын үйде тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан бір отбасынан алты адам табиғи газдан уланған.

"1 ересек адам және 5 бала улану белгілерімен медициналық ұйымға жеткізілді. Зардап шеккендер жалдамалы үйде тұрған. Оқиға туралы хабар түскен бойда төтенше жағдайлар қызметі, жедел жәрдем, "QazaqGaz Aimaq" және жергілікті атқарушы орган өкілдері тарапынан қажетті шаралар қабылданды. Газ көзі залалсыздандырылып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді", - дейді әкімдікте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер орташа дәрежеде уланған. Жағдайлары қалыпты.
"Балалардың жағдайы тұрақты, медициналық бақылауда. Анасына қажетті ем жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, тұрғын үйде газ жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша тиісті келісімшарт болмаған", - деді әкімдік өкілдері.
Той қонақтары тамақтан жаппай уланды – сот үкімін шығарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Той қонақтары тамақтан жаппай уланды – сот үкім шығарды
Жаңалықтар
0