https://sputnik.kz/20250422/toy-qonaqtary-tamaqtan-zhappay-ulandy--sot-ukim-shygardy---52725953.html
Той қонақтары тамақтан жаппай уланды – сот үкім шығарды
Той қонақтары тамақтан жаппай уланды – сот үкім шығарды
Sputnik Қазақстан
Зардап шеккендер сот шешімімен келісті, тек мейрамхана иесі үкімді қайта қарау үшін шағымданды 22.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-22T12:50+0500
2025-04-22T12:50+0500
2025-04-22T12:50+0500
той
сот үкімі
улану
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34754479_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_7ae716dbc5299039968abe641aefdb9a.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Екібастұзда тойға барған адамдардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап. Бұл оқиға былтыр сәуір айында болған. Бір күннің ішінде 32 адам медициналық көмекке жүгінген. Одан кейін зардап шеккендердің саны күрт өсті. Той қонақтарының ішінде Астана, Қарағанды мен Павлодар тұрғындары да болды. Олар да үйге барғаннан кейін көп ұзамай ауруханаға түскен. Айта кетері, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеріс те өткізген. Сол кезде қызметкерлердің арасында 9 адамнан патогенді стафилококк, ал төртеуінде сальмонеллез анықталған болатын.
https://sputnik.kz/20240416/ekibastuzda-toyga-zhinalgan-qonaqtar-tamaqtan-zhappay-ulanyp-qaldy-43685057.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0b/34754479_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_aeabef42c36c0ef48898ad93d96deeac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
той, сот үкімі, улану
Той қонақтары тамақтан жаппай уланды – сот үкім шығарды
Зардап шеккендер сот шешімімен келісті, тек мейрамхана иесі үкімді қайта қарау үшін шағымданды
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Екібастұзда тойға барған адамдардың жаппай улануына қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бұл оқиға былтыр сәуір айында болған. Бір
күннің ішінде 32 адам медициналық көмекке жүгінген.
Одан кейін зардап шеккендердің саны күрт өсті. Той қонақтарының ішінде Астана, Қарағанды мен Павлодар тұрғындары да болды. Олар да үйге барғаннан кейін көп ұзамай ауруханаға түскен.
"Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді. Зардап шеккендер сот шешімімен келісті, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеріс те өткізген. Сол кезде қызметкерлердің арасында 9 адамнан патогенді стафилококк, ал төртеуінде сальмонеллез анықталған болатын.