https://sputnik.kz/20240416/ekibastuzda-toyga-zhinalgan-qonaqtar-tamaqtan-zhappay-ulanyp-qaldy-43685057.html
Екібастұзда тойға жиналған қонақтар тамақтан жаппай уланып қалды
Екібастұзда тойға жиналған қонақтар тамақтан жаппай уланып қалды
Sputnik Қазақстан
Тойға келген 32 адам тамақтан уланған 16.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-16T08:03+0500
2024-04-16T08:03+0500
2024-04-16T09:15+0500
екібастұз
улану
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30989184_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_bfc28a1d8140baff9acc4b5162ae5817.jpg
АСТАНА, 16 сәуір - Sputnik. Қалалық ауруханаға отыз шақты адам жүгінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуірден бастап қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне тамақтан улану және бактериялық ішек инфекциясы белгілері бар пациенттер жаппай жүгінді.Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану жағдайы бойынша басқарма мейрамханаға қатысты ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30989184_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_ad3c939dca774a576253d65df4ef698b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, улану
Екібастұзда тойға жиналған қонақтар тамақтан жаппай уланып қалды
08:03 16.04.2024 (жаңартылды: 09:15 16.04.2024) Тойға келген 32 адам тамақтан уланған
АСТАНА, 16 сәуір - Sputnik. Қалалық ауруханаға отыз шақты адам жүгінді, деп хабарлайды
Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуірден бастап қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне тамақтан улану және бактериялық ішек инфекциясы белгілері бар пациенттер жаппай жүгінді.
"Эпидемиологиялық анамнезді жинау кезінде олардың барлығы 13 сәуір қарсаңында қаланың кафелерінің бірінде өткен іс-шараның қонақтары екені анықталды. Емделушілер қабылдау бөлімшесінде қаралғаннан және шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін (асқазанды шаю) инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Барлығы 14 сәуірден 15 сәуір сағат 17:00-ге дейінгі аралықта 32 адам жүгінді, оның төртеуі ауруханаға жатқызудан бас тартты, қалғандары қазіргі уақытта ем алуда. Науқастардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде қарастырылады", – дейді басқармада.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану жағдайы бойынша басқарма мейрамханаға қатысты ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды.