https://sputnik.kz/20251229/2026-zhyly-eaeo-nyn-birqatar-elinde-elektromobil-akelu-kezinde-kedendik-bazh-alynbaydy-60001785.html
2026 жылы ЕАЭО-ның бірқатар елінде электромобиль әкелу кезінде кедендік баж алынбайды
2026 жылы ЕАЭО-ның бірқатар елінде электромобиль әкелу кезінде кедендік баж алынбайды
Sputnik Қазақстан
2025 жылы Қазақстан белгіленген квотаны толық пайдаланды 29.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-29T14:57+0500
2025-12-29T14:57+0500
2025-12-29T14:57+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39906107_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_7c515dbc4a653cd4d06b8578e421076e.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. 2026 жылдың 22 қаңтарынан бастап Армения, Беларусь және Қырғызстанда электромобиль әкелуге тарифтік жеңілдік күшіне енеді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).Бұл дата Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы шешімінде көрсетілген. Жеңілдік аталған мемлекеттерге импортталатын электромобильдер үшін кедендік баж төлеуден босатуды қарастырады.Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті қазан айында электромобильдерді бажсыз әкелуге арналған квотаның аяқталғанын хабарлаған болатын. 2025 жылы бұл квота ЕЭК шешіміне сәйкес 15 мың бірлікті құрады, яғни сонша көлікті импорттық кедендік бажсыз әкелуге мүмкіндік берілген.Сондай-ақ, елде электромобильдер өндірісін дамыту жоспарланып отыр. 2025 жылдың маусымында Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов малайзиялық компанияның басшысымен кездесіп, өндіріс мүмкіндіктерін талқылаған.
https://sputnik.kz/20250619/qytay-kompaniyasy-qazaqstanda-elektromobil-shygaruga-qyzygushylyq-tanytty-54860327.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39906107_70:0:1210:855_1920x0_80_0_0_7a83f828d6d0698620ceabd368898cff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
2026 жылы ЕАЭО-ның бірқатар елінде электромобиль әкелу кезінде кедендік баж алынбайды
2025 жылы Қазақстан белгіленген квотаны толық пайдаланды
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. 2026 жылдың 22 қаңтарынан бастап Армения, Беларусь және Қырғызстанда электромобиль әкелуге тарифтік жеңілдік күшіне енеді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).
Бұл дата Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы шешімінде көрсетілген. Жеңілдік аталған мемлекеттерге импортталатын электромобильдер үшін кедендік баж төлеуден босатуды қарастырады.
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті қазан айында электромобильдерді бажсыз әкелуге арналған квотаның аяқталғанын хабарлаған болатын. 2025 жылы бұл квота ЕЭК шешіміне сәйкес 15 мың бірлікті құрады, яғни сонша көлікті импорттық кедендік бажсыз әкелуге мүмкіндік берілген.
Сондай-ақ, елде электромобильдер өндірісін дамыту жоспарланып отыр. 2025 жылдың маусымында Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов малайзиялық компанияның басшысымен кездесіп, өндіріс мүмкіндіктерін талқылаған.