https://sputnik.kz/20250619/qytay-kompaniyasy-qazaqstanda-elektromobil-shygaruga-qyzygushylyq-tanytty-54860327.html
Малайзия компаниясы Қазақстанда электромобиль шығаруға қызығушылық танытты
Малайзия компаниясы Қазақстанда электромобиль шығаруға қызығушылық танытты
Sputnik Қазақстан
Қазақстан үкіметі жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын 19.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-19T13:04+0500
2025-06-19T13:04+0500
2025-06-19T19:51+0500
электромобиль
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/06/13/54861080_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_a0283cbd1a94ee9b1b5c34da4ab73234.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Ли Қазақстанда электромобиль шығару жоспарын талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Компания – Малайзия нарығында машина жасау саласындағы көшбасшы. Proton автокөліктері, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар үлгілер де, электромобилдер де 26-дан астам елге экспортталады. Сонымен қатар өндірушінің трансмиссиялар мен автокөліктерді әзірлеу, жобалау және инженерлік зерттеу орталығы бар.Proton Holdings бас директоры Чунронг Ли инвесторлар үшін жасалған жағдайдың тартымдылығына байланысты Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық танытты.Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.
https://sputnik.kz/20250618/biyl-millionnan-astam-zhenil-avtokolik-shinasy-ondiriledi-54835174.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/13/54861080_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_17f244f3b2bbb4f2764e6502f4341cbe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электромобиль, қытай
Малайзия компаниясы Қазақстанда электромобиль шығаруға қызығушылық танытты
13:04 19.06.2025 (жаңартылды: 19:51 19.06.2025) Қазақстан үкіметі жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен малайзиялық Proton Holdings Berhad компаниясының бас директоры Чунронг Ли Қазақстанда электромобиль шығару жоспарын талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Компания – Малайзия нарығында машина жасау саласындағы көшбасшы. Proton автокөліктері, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар үлгілер де, электромобилдер де 26-дан астам елге экспортталады. Сонымен қатар өндірушінің трансмиссиялар мен автокөліктерді әзірлеу, жобалау және инженерлік зерттеу орталығы бар.
"Жиында үкіметтің жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені айтылды. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың келешегі зор", - деп жазылған хабарламада.
Proton Holdings бас директоры Чунронг Ли инвесторлар үшін жасалған жағдайдың тартымдылығына байланысты Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық танытты.
Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.