Биыл миллионнан астам жеңіл автокөлік шинасы өндіріледі

© Sputnik / Максим БогодвидПроизводство автомобильных шин, архивное фото
Производство автомобильных шин, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Жазылу
Қазақстанда автокөлік шиналарының өндірісі артады
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. 2025 жылы Tengri Tyres зауытында 1 млн-нан астам жеңіл автокөлік шинасы шығарылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда зауыт жазғы және қысқы дөңгелектерді өндіреді.
Компания басшылығының мәліметінше, өнім ішкі нарыққа және Ресейге экспортталады.
"Біз әлі толық өндірістік қуатқа шыққан жоқпыз, сондықтан еліміздің барлық сауда нүктелерінде біздің брендтің шиналарын таба алмайсыз. Дегенмен дамып келеміз, өндіріс көлемін арттырып жатырмыз. Қазіргі уақытта зауытта 844 адам жұмыс істейд", – деді "Tengri Tyres" ЖШС директоры Александр Уставщиков.
Бүгінде жеңіл көлік шиналары бойынша зауытты толық қуатқа шығару көзделіп отыр.
Айта кетері, жеңіл көліктерге арналған шина өндірісінің жобалық қуаты – 3 млн дана. Сонымен қатар қазіргі кезде зауыт жүк көліктеріне арналған шиналарды жаппай өндіруге кірісіп жатыр.
Биыл отандық автокөліктер өндірісі 149 мың бірлікке дейін артады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Биыл отандық автокөлік өндірісі 149 мыңға дейін артады
Жаңалықтар
0