Биыл отандық автокөлік өндірісі 149 мыңға дейін артады

Биыл отандық автокөліктер өндірісі 149 мың бірлікке дейін артады
Биыл отандық автокөліктер өндірісі 149 мың бірлікке дейін артады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2025
Жазылу
Ресми дерекке сәйкес, былтыр 134 мың автокөлік шығарылды
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Машина жасау саласында биыл отандық автокөліктер өндірісі 149 мыңға дейін немесе 2024 жылмен салыстырғанда 5%-ға артады деп күтіліп отыр, деп хабарлады үкімет.
Ресми дерекке сәйкес, былтыр 134 мың автокөлік шығарылды. Мұндай өсім Алматыдағы мультибренд Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты есебінен мүмкін болды. Мұнда Chery, Haval және Changan көліктері құрастырылады.
"Жобаға 202 млрд теңге инвестиция құйылып, жылына 120 мыңға дейін автокөлік шығару және 3,6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Кәсіпорынға құйылған инвестиция көлемі 202 млрд теңгені құрайды, оның жобалық қуаты – жылына 120 мың автокөлік", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Қостанайда жылына 70 мың автокөлік шығаратын Kia Қазақстан зауыты салынып жатыр. Инвестиция көлемі 90 млрд теңгені құрап, ал жұмысшылар саны 1,5 мыңға жетеді. Зауыт аймақтың автомобиль жасау орталығы ретіндегі позициясын нығайтады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша, машина жасау саласына негізгі капиталға 2025 жылдың бірінші тоқсанында 55 млрд теңге инвестиция тартылған, ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 33 млрд теңге салынды.
Жалпы, машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде республикалық бюджеттен 1,4 трлн теңге және бюджеттен тыс көздерден 1,3 трлн теңге көлемінде қаржыландыру көзделген.
Машина жасаушылар форумына 20-дан астам елдің өкілі қатысады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Машина жасаушылар форумына 20-дан астам елдің өкілі қатысады
Жаңалықтар
0