ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыс өткізді

© Sputnik / Владислав ВодневСаммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года
Саммит глав государств СНГ в Астане, 14 октября 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтің орнына отбасылық шара өткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспассөз қызметі.
“ALTAI SPORT FEST” спорт ойындары осымен екінші рет ұйыдастырылып отыр. Оған қала, аудан әкімдіктерінің, департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері қатысты. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративті дастархан басында емес, спорт алаңында өткізді.
“Биыл мен 11 жастағы ұлымды да алып келдім. Өзім көпбалалы анамын. Жаңа жылды осылай салауатты өмір салтын ұстанып, әріптестеріміздің ортасында көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып жатқанымыздың тәрбиелік мәні де өте зор”, - дейді Дайыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әдемі Ешмұханбетова.
Мемлекеттік қызметшілер қаппен жүгіру, жастықпен төбелес, жұбайын арқалап жүгіру, командалық арқан тартыс пен эстафетада жарысқа түсті. Тартысты әрі қызықты өткен ойындарда Өскемен әкімдігі жеңімпаз атанса, Глубокое ауданы әкімдігі екінші орын, ал Зайсан ауданы үшінші орынды иеленді. Барлығына бағалы сыйлықтар табысталды.
Спорттық шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов да келген. Оның айтуынша, осындай жарыстар бірлікке үйретеді әрі командалық рухты сезінуге мүмкіндік береді.
Игромания, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2025
400 млн теңге салған: Шымкентте 50 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін
Жаңалықтар
0