Полицейдің батыл әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейский предъявляет документы
Полицейский предъявляет документы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысы Саран қаласында полицей өрттен бала мен сал ауруына шалдыққан әжейді аман алып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көпқабатты үйдің бірінші қабатында жапсарлас салынған бөлмеден өрт шыққан. Ал үйде сал ауруына шалдыққан әжей мен бала болған. Тұрғындар терезе арқылы қар лақтырып, өртті өшіруге де тырысқан. Ал демалыста жүрген полиция сержанты Дамир Оразалин досымен бірге терезелерді қағып, тұрғындарды оятты.
Одан кейін баланы құтқарған, артынан сал ауруына шалдыққан әжейді де алып шықты.
Полицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Мұз құрсауында қалған балықшыны полицей құтқарды
Жаңалықтар
0