Мұз құрсауында қалған балықшыны полицей құтқарды

© Photo : Polisia.kzПолицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды
Полицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Жазылу
Ұзынкөл ауданында аязды кеште учаскелік инспектор Арман Райымбековтің батылдығы мен табанды әрекеті бір адамның өмірін сақтап қалды
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысында полицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
© Photo : Polisia.kzПолицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды
Полицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Полицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды
9 желтоқсанда Троебрат ауылында 75 жастағы Николай Хаврев таңертең балық аулауға кетіп, қайта оралмаған. Балқышының қызы ауыл учаскелік инспекторына хабарласып, көмек сұраған. Арман Райымбеков бұл зейнеткерді бұрын да жоғалып кеткен кездерінен танитын. Қақаған аяз бен үскірік жел іздеуді қиындатса да, инспектор дереу әрекет етіп, жедел жәрдемді шақырып, ауыл тұрғындарымен бірге іздеу жұмыстарына шықты.
Ауыл тұрғындары мен туыстар қатысқан іздеу үш жарым сағатқа созылды.
Мұз үстінде қамыстар арасынан қараңғы бір бейне байқалып, Арман дереу жеткен. Қария ес-түссіз жатқан, аяғы "электронды бақташы" сымына оралған екен. Инспектор оны сымнан босатып, жедел жәрдемге жеткізді.
Ұзынкөл аудандық ауруханасының мәліметінше, егер сәл кешіксе, қайғылы жағдай болуы мүмкін еді. Қазір Николай Хавревдің жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.
Жаңалықтар
0