Бектенов президентке инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатқанын айтты

Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Жазылу
Олжас Бектенов еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді
АСТАНА, 26 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды.
Олжас Бектенов еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді.
Үкімет басшысының айтуынша, экономиканы әртараптандыру тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялардың көлемі 9,8 пайызға өскен.
"Халықтың нақты табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін қамтамасыз ету негізгі басымдық саналады. Инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатыр", - деді Бектенов.
Сонымен қатар 2026 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру ерте басталғанын айтты. Бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортқа ден қоя отырып, егіс алқаптарының көлемін сақтауды және оны ұлғайтуды көздейді.
Президент үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.
 Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз шағын индустриалдық аймағын аралап көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2025
Тоқаевқа Жамбыл облысындағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді
Жаңалықтар
0