https://sputnik.kz/20251225/toqaevqa-zhambyl-oblysyndagy-zhetekshi-kasiporyndardyn-zhobalary-korsetildi-59938453.html
Тоқаевқа Жамбыл облысындағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді
Тоқаевқа Жамбыл облысындағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған 25.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-25T15:24+0500
2025-12-25T15:24+0500
2025-12-25T15:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
тараз
кәсіпорын
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/19/59938288_0:70:1280:790_1920x0_80_0_0_f5670fba2540359ec645a2bb2b7c5d1f.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тараз" шағын индустриалдық аймағын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді.Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында "Қазфосфат" серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар.Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы "ЕвроХим-Қаратау" ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді.Президент сондай-ақ Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты. Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды.Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/19/59938288_67:0:1214:860_1920x0_80_0_0_e7924da03017581cc4195f15a83c75b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тараз, кәсіпорын
қасым-жомарт тоқаев, тараз, кәсіпорын
Тоқаевқа Жамбыл облысындағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді
Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тараз" шағын индустриалдық аймағын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді.
"Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында "Қазфосфат" серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар.
Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы "ЕвроХим-Қаратау" ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.
"Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді.
Президент сондай-ақ Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты. Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды.
Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.