https://sputnik.kz/20251225/toqaev-bauyrzhan-momyshulyna-khalyq-qaarmany-atagyn-berdi-59939690.html
Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы берілді
Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы берілді
Sputnik Қазақстан
Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс 25.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-25T16:39+0500
2025-12-25T16:39+0500
2025-12-25T16:53+0500
бауыржан момышұлы
батыр
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48492932_0:54:960:594_1920x0_80_0_0_dd968252bdbdf83ba7002af5e8b6630d.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.Президент кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толғанын атап өтті.Оның пайымынша батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс."Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды", - деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20250509/tarazda-bauyrzhan-momyshulyna-arnalgan-muzey-ashyldy-53421694.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48492932_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_372867d895435688f714b29add2ffe1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бауыржан момышұлы, батыр, соғыс ардагері
бауыржан момышұлы, батыр, соғыс ардагері
Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы берілді
16:39 25.12.2025 (жаңартылды: 16:53 25.12.2025) Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Президент кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толғанын атап өтті.
"Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде "Халық қаһарманы" атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан мен мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады", - деді Тоқаев.
Оның пайымынша батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс.
"Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды", - деп түйіндеді президент.