Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Таразда Бауыржан Момышұлына арналған музей ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2025
Жазылу
Экспозицияда батырдың "Ұшқан ұя" мен "Артымызда Мәскеу" шығармаларын жазған қаламы мен сиясауыты көрермен назарына ұсынылды
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Таразда Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының музейі ашылды, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Көрмеге Бауыржан Момышұлының балалық шағы, әскери қызметі, отбасы жайлы тың деректер, сондай-ақ жеке заттары мен құжаттары қойылған.
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды
Экспозицияда полковник шеніндегі шинелі, батырдың өзі сызған әскери карта, сондай-ақ "Ұшқан ұя" мен "Артымызда Мәскеу" шығармаларын жазған қаламы мен сиясауыты да көрермен назарына ұсынылды.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына батырдың өзі тарту еткен жеке маузері, Кеңес Одағының Батыры Алтын Жұлдызы мен Ленин орденінің көшірмелері, айдаһар бейнеленген қылышы, сондай-ақ сирек кітаптары мен фотосуреттері де қойылған.
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды
Сонымен қатар бейбіт күндері киген киімдері мен ыдыс-аяқтары – күміс қасықтар, ағаш тостағандар, қымыз шөміші, шай ішетін ыдыстар мен домбырасы көрмеге ерекше мазмұн беріп тұр. Батырдың өзі ойған өрнектерден тұратын альбом, Құрмет грамотасы, Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық пен өзге де марапаттау құжаттары да экспозициядан орын алған.
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының музейі ашылды
Көрменің бірегей жәдігерлерінің бірі – Бауыржан Момышұлы Қызыл Армия қатарына алғаш шақырылған 1932 жылы және запасқа шығып, елге оралған 1956 жылы өзімен бірге болған чемодан мен соғыс кезіндегі батальон, полк, дивизияның құпия құжаттары сақталған темір сейф.
Сондай-ақ көрмеден батыр киген шинель, етік, папаха, маузер қаруы және шығармашылыққа бет бұрған кезеңіндегі 70-тен астам қолөнер туындылары – оюланған фигуралар ұсынылған.
Жаңалықтар
0