Мал шаруашылығын қолдауға 200 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаСолтүстік Қазақстандағы ферма
Солтүстік Қазақстандағы ферма - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2025
Жазылу
Елдегі ірі қара мал саны 8,3 млн басқа, қой мен ешкі – 21,3 млн, жылқы – 4,4 млн басқа жеткен
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. 2026 жылы мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру басталады, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкіметте.
Министр келтірген өзекті деректер бойынша ірі қара мал саны 8,3 млн басқа, қой мен ешкі – 21,3 млн, жылқы – 4,4 млн басқа жеткен.
Әрі қарай өсуді қамтамасыз ету үшін құжат айналым қаражатын толықтыруға, асыл тұқымды мал сатып алуға және шалғай жатқан жайылымдар инфрақұрылымын дамытуға жеңілдікпен несие беруді көздейді. Сондай-ақ етті мал шаруашылығындағы аустралиялық тәжірибені жергілікті жерге бейімдеу бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылып жатыр.
"Мал шаруашылығын қолдау көлемін келешекте арттыра отырып, кемінде 200 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр. Аталған қаражат сонымен қатар қарқынды өсімге негіз болатын аналық мал импортына жұмсалады", — деді министр.
Айдарбек Сапаров құс шаруашылығында да оң динамика байқалатынын айтты: құс етін өндіру соңғы бес жылда 236,5 мың тоннадан 360 мың тоннаға дейін өсті.
Су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға 214 млрд теңге бөлінеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға 214 млрд теңге бөлінеді
Жаңалықтар
0