Су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға 214 млрд теңге бөлінеді

© Photo : Пресс-служба министерства водных ресурсов и ирригации КазахстанаСу үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға 214 млрд теңге бөлінеді
Су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға 214 млрд теңге бөлінеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Жазылу
Суару суының құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге көлемінде трансферттер қарастырылған
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Алдағы үш жылда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға 214 млрд теңге бөлінеді
Астанада өткен ауыл әкімдері форумында "Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тұрғысынан ауыл шаруашылығын дамыту" атты екінші панельдік сессияға Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты.
Талқылауға 300-ден астам ауыл әкімі жиналды.
"Биыл қабылданған жаңа Су кодексіне сәйкес, өздігінен су пайдалануға жол бермеу және су нысандарында, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті шектеу талаптарын сақтау жөніндегі бақылау күшейтілді. Бассейндік инспекцияларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін қадағалау өкілеттіктері берілді", - деді министрлік.
Қосымша қолдау шарасы ретінде ауыл шаруашылық қажеттіліктері үшін көлемі 2 млн текше метрге дейін еріген, нөсер және тасқын суды жинайтын қоймалар салуға рұқсат беретін норма енгізілген.
Сондай-ақ суды субсидиялау дифференцияланып, оның мөлшері тікелей су үнемдеу жүйелерін қолдануға байланысты белгіленді.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен инвестициялық субсидияларға 214 млрд теңгеден астам, ал суару суының құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге көлемінде трансферттер қарастырылған.

"Мемлекет қолдау көрсетіп отырған су саласына кешенді көзқарас ауыл шаруашылығы секторын тұрақты дамытуға және сенімді су қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Ал жергілікті атқарушы органдардан барлық қатысушының жұмысын нақты үйлестіру, іс-шараларды уақытылы орындау, бөлінген қаражатты тиімді және мақсатты пайдалану, сондай-ақ жұмыстардың сапасын тұрақты бақылау талап етіледі", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ауыл тұрғындары Су шаруашылығы ведомствосының басшысына суару суымен қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялау және пилоттық жобаларды іске асыру, жаңа су қоймаларын салу мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.
Шардара су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Ақтөбе облысындағы ең ірі су қоймасы күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтар
0