Ақтөбе облысындағы ең ірі су қоймасы күрделі жөндеу жүргізіледі

Шардара су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жазылу
Құрылыс-монтаж жұмыстары жоба мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, 2026 жылы басталады деп жоспарланған
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Тиісті ведомстволар Қарғалы су қоймасын реконструкциялау жобасына арналған жобалау-сметалық құжатты әзірлеуді бастады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бұл жұмыс келесі жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жоба мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, 2026 жылы басталады деп жоспарланған.
Реконструкция барысында Қарғалы су қоймасының ескірген барлық механизмі ауыстырылады. Айта кету керек, кейбір механизм 50 жылдан бері пайдаланылып келеді. Сонымен қатар гидротехникалық нысандарға энергия қамтамасыз ету үшін шағын су электр станциясы орнатылады. Ал артық энергия жергілікті кәсіпкерлікті және көрші елді мекендерді қамтамасыз ету үшін қолданылады.
"Бұл жоба Ақтөбе облысындағы үш ірі су қоймасын жаңғырту бойынша кешенді жұмысты аяқтайды. Былтыр Ілек өзеніндегі Ақтөбе су қоймасы 36 жылдан кейін алғаш рет жөндеуден өтті, ал Сазды су қоймасының күрделі жөндеуі аяқталуға жақын. Қарғалы су қоймасында қазіргі кезде кіреберіс жол төселіп, бөгеттің беті бетондалып жатыр, жарық шамдары ауыстырылып, қосымша бейнебақылау камералары орнатылуда. Бұл жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталады", – деді "Қазсушар" РМК Ақтөбе филиалының директоры Ринат Шауенов.
Қарғалы су қоймасы 1975 жылы пайдалануға берілген. Оның сыйымдылығы 280 миллион текше метр суға дейін жетеді.
Су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100%-ға толды
Жаңалықтар
0