Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100%-ға толды

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуСу қоймасы
Су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жазылу
Самарқан су қоймасы 87%-ға дейін су жинады
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Атап айтқанда, Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары лық толды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Ал Самарқан су қоймасы 87%-ға дейін су жинады.
Жалпы алғанда Қарағанды облысының "Қазсушар" филиалына қарасты су қоймалары 328 млн текше метр тасқын су жинады.
"Қарағанды филиалының нысандарында көктемгі тасқын кезеңі қалыпты жағдайда өтті. Бұл – алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі", – деді Қарағанды облысының "Қазсушар" филиалы директорының міндетін атқарушы Муслим Аққожин.
Қазіргі уақытта филиал суару маусымына дайындалып жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен су алуға өтінімдер жиналып, су беру туралы келісімшарттар жасалып жатыр. Сонымен қатар каналдарды тазалау, су есептегіш құралдарды орнату және су бекеттерін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қапшағай су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Қапшағай су қоймасы 100%-ға толды - министрлік
Жаңалықтар
0