Тоқаев жылына 200 лифт шығаратын зауытты аралап көрді

© Photo : Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытында болды
 Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытында болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Жазылу
Tausogar зауытында 44 маман еңбек етеді
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Елорда нысандарын аралау кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды, деп хабарлады Ақорда.
№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.
Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.
"Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.
Касым-Жомарт Токаев принял участие в стратегических командно-штабных учениях - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2019
Саясат
Тоқаев астана атауының өзгеруіне қатысты сауалға жауап берді – видео
Жаңалықтар
0