Президент Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Жазылу
Қаладағы бейнекамералардың жұмысы және басқа да қызметтер жедел басқару орталығынан басқарылады
АСТАНА, 24 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеп, Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды.

"Бұған дейін менің тапсырмам бойынша Астанада Smart City жобасы қолға алынды. Жақын арада Жедел басқару орталығы іске қосылады. Қаладағы бейнекамералардың жұмысы және басқа да қызметтер осы орталықтан басқарылады. Бұл жүйе түрлі қауіп-қатерге дер кезінде назар аударуға және келеңсіз оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазір платформаны іске қосу үшін деректерді талдау орталығы салынып жатқанын, ол цифрлық инфрақұрылымды құқық қорғау органдары да қолдана алатынын айтты.
"Сол арқылы қаланың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік туады. "Заң және тәртіп" қағидаты іс жүзінде жұмыс істеуге тиіс. Астана әкіміне осы шаруаны тездетіп аяқтауды тапсырамын. Еліміздегі басқа қалалар да осындай платформаны енгізуге тиіс. Бұл жұмысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі үйлестіруі керек", - деді Тоқаев.
 Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытында болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Тоқаев жылына 200 лифт шығаратын зауытты аралап көрді
Жаңалықтар
0