https://sputnik.kz/20251224/kobi-auyl-balalary-ar-onirden-zhinalgan-oqushylar-prezidenttik-shyrshaga-qatysty-59911930.html
Көбі ауыл балалары: әр өңірден жиналған оқушылар президенттік шыршаға қатысты
Көбі ауыл балалары: әр өңірден жиналған оқушылар президенттік шыршаға қатысты
Sputnik Қазақстан
Президенттің балаларға арнаған сыйлықтарын оқушыларға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова табыс етті 24.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-24T22:05+0500
2025-12-24T22:05+0500
2025-12-24T22:05+0500
президент
шырша
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59909236_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c76f3530ab7ee7191aaeee2aa7da1276.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Бүгін еліміздің әр өңірінен жиналған жүз бала президенттік шыршаға қатысты, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Президенттік шырша "Жаңа жыл республика төрінде" деп аталды. Балаларға арналған мерекеге еліміздің барлық өңірінен жүз мектеп оқушысы қатысты. Президенттің балаларға арнаған сыйлықтарын оқушыларға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова табыс етті.Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Биыл мемлекет басшысының ерекше құрметіне ие болған оқушылардың жартысынан көбі - ауыл балалары.Президент орталығында өткен салтанат кезінде балаларды жасанды интеллект көмегімен әзірленген Аяз ата мен Ақша қар қарсы алды, Теке, қошқар, Алладин мен Жасмин секілді ертегі кейіпкерлерімен жүздесті. Мерекелік кештің мазмұны балаларды батыл болуға, ашуды ақылға жеңдіруге, бірлік пен достықты бағалауға, өзгелерді құрметтеуге арналды."Осы залда отырған 100 баланың әрқайсысы білімде, спортта, шығармашылықта табысқа жеткен талантты өрендер. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Болашақта білім алып, лайықты мамандық таңдап, елімізге адал қызмет етеді деп сенеміз",-деді балаларға президент сыйлығын табыс еткен Жұлдыз Сүлейменова.Естеріңізге сала кетсек, Президент шыршасына қатысу үшін Елордаға келген балалар қаланы екі күн аралады.
https://sputnik.kz/20251217/astanada-40-tan-astam-zhana-zhyldyq-shyrsha-shamdary-bir-uaqytta-zhagylady-59667175.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59909236_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8a07f9d2b2d820879649a8d134a92d8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, шырша, оқушы
Көбі ауыл балалары: әр өңірден жиналған оқушылар президенттік шыршаға қатысты
Президенттің балаларға арнаған сыйлықтарын оқушыларға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова табыс етті
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Бүгін еліміздің әр өңірінен жиналған жүз бала президенттік шыршаға қатысты, деп хабарлады оқу-ағарту
министрлігі.
Президенттік шырша "Жаңа жыл республика төрінде" деп аталды. Балаларға арналған мерекеге еліміздің барлық өңірінен жүз мектеп оқушысы қатысты. Президенттің балаларға арнаған сыйлықтарын оқушыларға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова табыс етті.
Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Биыл мемлекет басшысының ерекше құрметіне ие болған оқушылардың жартысынан көбі - ауыл балалары.
"Шараға қатысқан 30 бала көпбалалы отбасылардан шыққан. Балалардың үштен бірі асыраушысынан айрылған. Мерекелік кешті тамашалаған оқушылардың арасында әлеуметтік осал санатқа жататын және толық емес отбасылардың балалары да бар", - деп жазылған хабарламада.
Президент орталығында өткен салтанат кезінде балаларды жасанды интеллект көмегімен әзірленген Аяз ата мен Ақша қар қарсы алды, Теке, қошқар, Алладин мен Жасмин секілді ертегі кейіпкерлерімен жүздесті. Мерекелік кештің мазмұны балаларды батыл болуға, ашуды ақылға жеңдіруге, бірлік пен достықты бағалауға, өзгелерді құрметтеуге арналды.
"Осы залда отырған 100 баланың әрқайсысы білімде, спортта, шығармашылықта табысқа жеткен талантты өрендер. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Болашақта білім алып, лайықты мамандық таңдап, елімізге адал қызмет етеді деп сенеміз",-деді балаларға президент сыйлығын табыс еткен Жұлдыз Сүлейменова.
Естеріңізге сала кетсек, Президент шыршасына қатысу үшін Елордаға келген балалар қаланы екі күн аралады.