Астанада 40-тан астам жаңа жылдық шырша шамдары бір уақытта жағылады

© Sputnik / Абзал КалиевАстанадағы шырша
Астанадағы шырша - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Биыл Астанадағы жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар "Ертегі Fest" бірыңғай ертегі стилінде өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше көңіл күйге бөлеп, ертегі әлеміне саяхаттауға мүмкіндік жасайды. Қалада иллюминациялар, арнайы тақырыптағы инсталляциялар, мұз айдындары мен жайлы қоғамдық кеңістіктер әзірленді, дейді әкімдіктегілер.
Коньки тебу алаңдары, сырғанақтар, шағын сәулет формалары, фотоаймақтар және басқа да элементтер бойынша монтаж жұмысы желтоқсанның басында басталды. Жұмыс желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.
"19 желтоқсан күні сағат 18:00-де елорданың алты ауданында бір уақытта 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамдары жағылады. Барлық жерде – мұз айдындарында, сырғанақтарда, фотоаймақтарда және тағы басқа орындарда әртүрлі ойын-сауықтар бағдарламалары күтіліп отыр. Концерттік бағдарламалар барлық ірі орында сағат 17:30-дан бастап өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Нұра ауданында Жаңа жыл шыршалары 11 жерде орнатылады. Алматы ауданында Жаңа жыл шыршаларының шамы төрт жерде жағылады, олардың әрқайсысы ертегі стилінде безендірілген. Есіл ауданында қоғамдық мерекелердің негізгі орны дәстүрлі түрде ЭКСПО алаңы болады. Сарайшық ауданында 25 метрлік жаңа жыл шыршасы "Қазақ елі" монументі алаңында орнатылады. Қалалық алаңды 13 метрлік шырша безендіреді.
Жаңа жылдық шыршалардың орналасу орындары мен мерекелік іс-шаралар туралы толығырақ әкімдік сайтынан білуге болады.
Алматыдағы шырша - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Шырша орнату кезінде мұғалім жарақат алды: қала әкімінің орынбасары күдікке ілінді
Жаңалықтар
0