https://sputnik.kz/20251222/shygys-qazaqstanda-mynnan-astam-iri-qaraga-arnalgan-sut-fermasy-ashyldy-59791632.html
Шығыс Қазақстанда мыңнан астам ірі қараға арналған сүт фермасы ашылды
Шығыс Қазақстанда мыңнан астам ірі қараға арналған сүт фермасы ашылды
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта фермаға голштин тұқымындағы асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр 22.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-22T08:38+0500
2025-12-22T08:38+0500
2025-12-22T08:38+0500
шығыс қазақстан
сүт өнімдері
ферма
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59791334_2:0:1278:718_1920x0_80_0_0_d96fd8b276064323eb2b36e686ea4be4.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 1075 бас ірі қараға арналған сүт-тауарлы фермасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Алтай ауданының Полянское ауылындағы 1075 басқа арналған ферманың жалпы инвестиция көлемі 10,1 млрд теңгені құрайды.Алдағы уақытта ферма жоғары өнімді техникамен толық жабдықталып, голштин тұқымындағы асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр.Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 6 мың тоннаға дейін сүт өндіру жоспарланған. Қазіргі уақытта компанияда 82 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
https://sputnik.kz/20251220/sqo-da-zhyldyq-quattylygy-12-myn-tonna-qoyytylgan-sut-ondirisi-iske-qosyldy-59773677.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/16/59791334_162:0:1119:718_1920x0_80_0_0_f1caddc60649c9eb0b7e61c33f1aad35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, сүт өнімдері, ферма
шығыс қазақстан, сүт өнімдері, ферма
Шығыс Қазақстанда мыңнан астам ірі қараға арналған сүт фермасы ашылды
Алдағы уақытта фермаға голштин тұқымындағы асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр
АСТАНА, 22 желтоқсан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 1075 бас ірі қараға арналған сүт-тауарлы фермасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады облыс
әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алтай ауданының Полянское ауылындағы 1075 басқа арналған ферманың жалпы инвестиция көлемі 10,1 млрд теңгені құрайды.
"Құрылыс жұмыстары өткен жылдың сәуір айында басталып, 2025 жылдың қараша айында аяқталды. Қазіргі таңда нысанда заманауи жабдықтар орнатылып, қажетті техника сатып алынған. Сондай-ақ жемшөп базасын дамыту бағытында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Алдағы уақытта ферма жоғары өнімді техникамен толық жабдықталып, голштин тұқымындағы асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр.
Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 6 мың тоннаға дейін сүт өндіру жоспарланған. Қазіргі уақытта компанияда 82 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.