СҚО-да жылдық қуаттылығы 12 мың тонна қойытылған сүт өндірісі іске қосылды

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіСҚО-да жылдық қуаттылығы 12 мың тонна болатын қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылды
СҚО-да жылдық қуаттылығы 12 мың тонна болатын қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2025
Жазылу
Жобаның инвестициялық көлемі 5,2 млрд теңгені құрайды
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Солтүстік Қазақстанда жылдық қуаттылығы 12 мың тонна қойытылған сүт өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл — облыстағы қатты ірімшік өндіретін жалғыз кәсіпорын.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары барысында жылына 12 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы қойытылған сүт цехын іске қосу рәсіміне қатысты.
"Жобаның инвестициялық көлемі 5,2 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын технологиялық жарақтандырылу деңгейі бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда. Барлық өндірістік желілер жетекші еуропалық өндірушілерден жеткізілген", - деді министрлік.
Өндірісте тек өңір фермерлерінен алынатын шикізат пайдаланылып, толықтай табиғи әрі жоғары сапалы өнім шығарылады. Өнім еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілетін болады.
"Бұл өндірісті іске қосу — президенттің ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалуының тағы бір нақты дәлелі. Бұл — жаңа жұмыс орындары, инвестициялар мен қосылған құн, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға қосылып жатқан үлес. Кәсіпорынның жергілікті шикізатты және заманауи технологияларды пайдалануы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады", — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
Продуктовая корзина. - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2025
Қазақстанда ет, сүт және жұмыртқа өндірісі артты
Жаңалықтар
0