Қазақстанда 100-ден астам стоматологиялық клиника заңды бұзған

© CC0 / Rubén GonzáleСтоматология
Стоматология  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2025
Жазылу
Құқық бұзушыларға 30 млн теңгеге дейін айыппұл салынды
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев биыл 100-ден астам стоматологиялық клиниканың қызметінде заң бұзушылық анықталғанын хабарлады.
Былтыр қазанда 3 жасар қыз тіс дәрігерінің кабинетінде қайтыс болғаннан кейін министрлік ауқымды тексеріс жүргізді.
"Жоспарға сәйкес, 350-ге жуық мекеме тексеріледі. Бүгінгі таңда олардың 210-ы тексерілді. Жартысында біз стоматологиялық қызмет көрсету стандарттарының сақталмағанын анықтадық. Мысалы, тек Жамбыл облысында 10 нысан жабылды. Еліміз бойынша заң бұзушылықтар анықталған стоматологиялық клиникаларға 30 млн теңгеге дейін айыппұл салынды", - деді Сұлтанғазиев 24.kz-ке берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ балаларды емдеуде қолданылатын "Севоран" туралы сұраққа жауап берді.
"Севоран" - бұл бүкіл әлемде, соның ішінде стоматологияда кеңінен қолданылатын және қауіпсіз дәрі-дәрмектердің бірі. Дегенмен бұл дәрі-дәрмекті пайдалану кезінде барлық стандартты қатаң сақтау қажет", - деп атап өтті ол.
БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Зейнетақы қорынан заңсыз 46 млрд теңге шығарған "стоматология" иелері іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар
0