Зейнетақы қорынан заңсыз 46 млрд теңге шығарған "стоматология" иелері іздестіріліп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинБЖЗҚ
БЖЗҚ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Жазылу
Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіріп жатыр.
© Photo : Қаржылық мониторинг агенттігіҚаржылық мониторинг агенттігі іздеу жариялады
Қаржылық мониторинг агенттігі іздеу жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Қаржылық мониторинг агенттігі іздеу жариялады
Олар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 46 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
Атап айтқанда:
Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
Иманбаев Габбас,18.05.1998 ж.т.
Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.
Күдіктілер тіс емдеу қызметі көрсетілді деген жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген.
© Photo : Қаржылық мониторинг агенттігіҚаржылық мониторинг агенттігі іздеу жариялады
Қаржылық мониторинг агенттігі іздеу жариялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Қаржылық мониторинг агенттігі іздеу жариялады
Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.
Үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылады.
© Photo : қаржылық мониторинг агенттігіҚаржылық мониторинг агенттігі іздеу жариялады
Қаржылық мониторинг агенттігі үш азаматқа іздеу жариялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Қаржылық мониторинг агенттігі іздеу жариялады
Айта кету керек, айыпталушылардың бірі Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. Ол 2016 жылы қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі нөмір бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.
Есеп пен калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Қазақстандықтар баспана алуға және емделуге зейнетақы қорынан қанша ақша жұмсады
Жаңалықтар
0