https://sputnik.kz/20251222/aqtobe-oblysynda-akim-oli-kuyde-tabyldy-59809262.html
Ақтөбе облысында әкім өлі күйде табылды
Ақтөбе облысында әкім өлі күйде табылды
Sputnik Қазақстан
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады 22.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-22T13:03+0500
2025-12-22T13:03+0500
2025-12-22T13:03+0500
ақтөбе облысы
әкім
өз-өзіне қол салу
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/14/58936733_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_147fb4d282d62bbd134571b7a80b659a.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өлі күйде табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады."Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінде.Марқұмның денесі 20 желтоқсанда табылған.Ресми ақпаратқа сәйкес, Еркін Далмағамбетов 2024 жылдың маусым айында Темір қаласының әкімі болып тағайындалған.Әкім болып тағайындалғанға дейін ол түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директордың орынбасары болып жұмыс істеген, сондай-ақ жеке компанияны басқарған.Далмағамбетов қызмет жолын 2001 жылы Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару комитетінде жетекші маман болып бастаған.2004 жылдан 2006 жылға дейін Қарғала аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.2006 жылдан 2009 жылға дейін Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы болды.
https://sputnik.kz/20251202/aqtobede-oqushy-oli-kuyde-tabyldy-59293553.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/14/58936733_190:171:1243:960_1920x0_80_0_0_6228fd4dc9a65934149674be91c86bbb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, әкім, өз-өзіне қол салу
ақтөбе облысы, әкім, өз-өзіне қол салу
Ақтөбе облысында әкім өлі күйде табылды
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өлі күйде табылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінде.
Марқұмның денесі 20 желтоқсанда табылған.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Еркін Далмағамбетов 2024 жылдың маусым айында Темір қаласының әкімі болып тағайындалған.
Әкім болып тағайындалғанға дейін ол түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде директордың орынбасары болып жұмыс істеген, сондай-ақ жеке компанияны басқарған.
Далмағамбетов қызмет жолын 2001 жылы Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару комитетінде жетекші маман болып бастаған.
2004 жылдан 2006 жылға дейін Қарғала аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2006 жылдан 2009 жылға дейін Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы болды.