Ақтөбеде оқушы өлі күйде табылды

© Pixabay / Jamir Tamboli Суаттағы аяқ киім
Суаттағы аяқ киім - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Жазылу
Жасөспірім моншада қосымша жұмыс істеп, ақша тауып жүрген
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім өлі күйде табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
№31 мектептің 16 жастағы оқушысы қайтыс болды. Жасөспірім моншада қосымша жұмыс істеп, ақша тауып жүрген.

"1 желтоқсан күні полицияға Ақтөбе қаласының екі тұрғыны 30 қараша күні үйлерінен шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмағаны туралы хабар түсті. Полиция тарапынан дереу іздестіру шаралары басталды", - дейді облыстық полиция департаментіндегілер.

Іздестіру барысында өзен жағасынан із-түссіз жоғалғандардың ұялы телефондары табылған.
"Іздеу жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, әскери қызметкерлер және еріктілер тартылды. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалғандардың денелері өзеннен табылды. Олардың денелерінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ", - дейді ведомстводағылар.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Адам қолындағы қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Шымкенттегі сауда үйінде оқушылар төбелесті
Жаңалықтар
0