https://sputnik.kz/20251124/shymkenttegi-sauda-uyinde-oqushylar-arasynda-zhanzhal-boldy-59052812.html
Шымкенттегі сауда үйінде оқушылар төбелесті
Шымкенттегі сауда үйінде оқушылар төбелесті
Sputnik Қазақстан
Жанжалға қатысқандар дереу ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді 24.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-24T13:20+0500
2025-11-24T13:20+0500
2025-11-24T14:00+0500
шымкент
оқушы
тапанша
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_46ae5f393689893bb4361b19a7a02f58.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Шымкенттегі сауда үйінің бірінде жасөспірімдер қатарластарына қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға туралы жәбір көрген жасөспірімдердің әкесі Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.Гараж жаққа апарып, қарумен қорқытқанЖасөспірімдердің әкесі айтқандай, оқиға 21 қарашада тал түсте сауда орталығында болған.Ер адамның айтуынша, сол жерде балаларына "жүр, жүр" деп сауда орталығының гараж жағына апарады."Сол жерде қарумен қорқытқан. Күдіктілер жәбір көрген балалардың бірінің басына қару тақаған. Ол жерден күзетші қуып жібереді. Сол кезде балаларым қарсыласа бастаған, төбелескен", - дейді ол.Күдіктілердің ата-аналары – заңгерМенің балаларым ол жасөспірімдерді танымайды, дейді ер адам. Бірақ досы мен күдіктілердің арасында араздық болуы мүмкін, алайда қарумен қорқыту ешбір балалыққа жатпайды, дейді жәбірленушінің әкесі."Балалар өзара таныс болған деп жатыр. Ешқандай да таныс емес. Қайдағы балалық? Күдіктілердің бірі полицияда тіркеуде тұр. Күдіктілердің үшеуі қаруы болғанын мойындады, ал төртіншісі әлі ұсталған жоқ. Олардың ата-аналары заңгер. Істі жылы жауып жібермек", - дейді жасөспірімнің әкесі.Мен де көпжылдық тәжірибем бар заңгермін деген ол "бұзақылық" бойынша іс қозғалсын дейді. Өйткені кәмелетке толмай жатып қарумен қорқыту балалыққа жатпайды.Полиция не дейдіШымкент қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, оның ішінде бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, қатысушылар мен куәгерлерден жауап алынып жатыр. Полиция жасөспірімдер қару қолданған жоқ, бірақ тексеріп жатырмыз дейді."Куәгерлердің айғақтарын қоса алғанда, алдын ала тергеу-жедел іс-шараларының нәтижелері бойынша атыс қаруын немесе өзге де қаруды қолдану фактісі қазір расталмады. Алайда бұл аспект қосымша тексеріледі", - дейді полициядағылар.Кінәлі жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды.Кәмелетке толмағандардың ата-аналары бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Материалдар тиісті құқықтық баға берілетін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілетін болады, дейді полициядағылар.
https://sputnik.kz/20251111/zhambyl-oblysynda-oqushylar-zhappay-ulanyp-qaldy-58671921.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_205:0:1913:1281_1920x0_80_0_0_657c41941f3220ae356c825e91b08703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
шымкент, оқушы, тапанша
Шымкенттегі сауда үйінде оқушылар төбелесті
13:20 24.11.2025 (жаңартылды: 14:00 24.11.2025) Жанжалға қатысқандар дереу ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Шымкенттегі сауда үйінің бірінде жасөспірімдер қатарластарына қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға туралы жәбір көрген жасөспірімдердің әкесі
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Гараж жаққа апарып, қарумен қорқытқан
Жасөспірімдердің әкесі айтқандай, оқиға 21 қарашада тал түсте сауда орталығында болған.
"Менің екі ұлымның қасында досы бірге жүрген. Олар таксиге отырып кеткелі жатқанда 16-17 жастағы төрт жасөспірім келіп, қасындағы достарын алып кетпек болады. Балаларым қорғамақ болып қарсыласады", - дейді жәбірленушілердің әкесі.
Ер адамның айтуынша, сол жерде балаларына "жүр, жүр" деп сауда орталығының гараж жағына апарады.
"Сол жерде қарумен қорқытқан. Күдіктілер жәбір көрген балалардың бірінің басына қару тақаған. Ол жерден күзетші қуып жібереді. Сол кезде балаларым қарсыласа бастаған, төбелескен", - дейді ол.
Күдіктілердің ата-аналары – заңгер
Менің балаларым ол жасөспірімдерді танымайды, дейді ер адам. Бірақ досы мен күдіктілердің арасында араздық болуы мүмкін, алайда қарумен қорқыту ешбір балалыққа жатпайды, дейді жәбірленушінің әкесі.
"Балалар өзара таныс болған деп жатыр. Ешқандай да таныс емес. Қайдағы балалық? Күдіктілердің бірі полицияда тіркеуде тұр. Күдіктілердің үшеуі қаруы болғанын мойындады, ал төртіншісі әлі ұсталған жоқ. Олардың ата-аналары заңгер. Істі жылы жауып жібермек", - дейді жасөспірімнің әкесі.
Мен де көпжылдық тәжірибем бар заңгермін деген ол "бұзақылық" бойынша іс қозғалсын дейді. Өйткені кәмелетке толмай жатып қарумен қорқыту балалыққа жатпайды.
Шымкент қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
"Шымкент қаласы тұрғынының кәмелетке толмаған ұлдарына дене жарақатын салу туралы арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқандар дереу ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді. Жасөспірімдер бұрын таныс болған және олардың арасында қызғаныш негізінде жеке жанжал туындағаны анықталды", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, оның ішінде бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, қатысушылар мен куәгерлерден жауап алынып жатыр. Полиция жасөспірімдер қару қолданған жоқ, бірақ тексеріп жатырмыз дейді.
"Куәгерлердің айғақтарын қоса алғанда, алдын ала тергеу-жедел іс-шараларының нәтижелері бойынша атыс қаруын немесе өзге де қаруды қолдану фактісі қазір расталмады. Алайда бұл аспект қосымша тексеріледі", - дейді полициядағылар.
Кінәлі жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды.
Кәмелетке толмағандардың ата-аналары бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Материалдар тиісті құқықтық баға берілетін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілетін болады, дейді полициядағылар.