Алматыда жалға берілген пәтер қабырғасы мен едені қанға боялған

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2025
Жазылу
Тұрғын үйдің ішінде апалы-сіңілі спирттік ішімдік ішкен
АСТАНА, 21 желтоқсан - Sputnik. Алматылық тұрғын пәтерін жалға беріп, оқыс оқиғаға тап болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Пәтерін жалға берген ер адам оқыс оқиғаға тап болды. Пәтердің іші қан-жоса. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Пәтер иесі полиция шақыртқан. Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне хабарласты. Полицияның айтуынша, қан-жоса пәтерде қылмыстық құрам жоқ.

"Пәтер ішінде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқиға кеше Алматы қаласының Бостандық ауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Тұрғын үйдің ішінде апалы-сіңілі спирттік ішімдік ішкен. Олардың біреуі сынған бөтелке шынысына байқамай аяғын кесіп алған. Оқиға орнындағы қанның көп болуы дәл осы жарақатпен байланысты", - дейді Алматы қалылық полиция департаментінде.

Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл ақпарат профилактикалық бақылауға алынды.
Алматы қаласының полициясы азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады, дейді полицияда.
Сот орындығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2025
Таразда жалға алған пәтерде қан шашырағаны үшін залал өндірілді
Жаңалықтар
0