Таразда жалға алған пәтерде қан шашырағаны үшін залал өндірілді

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот орындығы
Сот орындығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2025
Жазылу
Бағалауға сәйкес келтірілген залалдың мөлшері 227 мың теңгені құрады
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Таразда жалға алған пәтерді қанмен зақымдағандар сот алдында жауап берді, деп хабарлады облыстық сот.
Мүліктік зиян сомасын өндіріп алу және моральдық зиянның орнын толтыруға қатысты азаматтық істі Тараз қалалық соты қарады.
Сотқа жалға берілетін пәтердің иесі талапарызбен жүгінген.
Сотта белгілі болғандай, 2023 жылдың қазан айында үш әйел талап қоюшының жиһаздалған пәтерін бір тәулікке жалға алған.
"Алкогольді ішімдіктер мен заңсыз әрекеттердің салдарынан жауапкерлер пәтердегі мүлікке зиян келтірген, яғни тұсқағаздар, жиһаздар мен еденге қан шашырап, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған. Бағалауға сәйкес келтірілген залалдың мөлшері 227 мың теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Пәтер иесі осы соманы, сонымен қатар 100 мың теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысын және 92 мың теңге мөлшерінде процестік шығыстарды өндіріп алуды сұраған.
Алайда жауапкердің бірі талап қоюды мойындамай, сол күні кешке араларындағы біреуі мас болғаннан кейін өзін қалыптан тыс ұстай бастағанын түсіндірді. Өзіне қатысты айтылған бұл уәжге жауапкердің бірі пәтерде жанжал басталғанын түсіндіріп, содан кейін ол өзін қорғау үшін бөтелкені сындырып, өзін-өзі жарақаттап алғанын айтқан. Жауапкердің үшіншісі сот отырысына қатыспаған.
Сот істің дәлелдері мен материалдарын зерттей отырып, пәтер иесінің талап қоюын ішінара қанағаттандырды.
Жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына ортақ тәртіппен 227 мың теңге мөлшерінде мүліктік зиян сомасы, сондай-ақ жалпы сомасы 64 мың теңге көлемінде бағалаушының, нотариустың қызметтерін төлеу бойынша, мемлекеттік бажға және өкілдің қызметтеріне арналған шығыстар өндірілді.
Моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Шешім заңды күшіне енді.
Жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жол апатына себепші болған жүргізушіден 15 млн теңге өндірілді
Жаңалықтар
0