https://sputnik.kz/20251120/zhol-apatyna-sebepshi-bolgan-zhurgizushiden-15-mln-tenge-ondirildi-58944540.html
Жол апатына себепші болған жүргізушіден 15 млн теңге өндірілді
Жол апатына себепші болған жүргізушіден 15 млн теңге өндірілді
Sputnik Қазақстан
Зардап шеккен жолаушы сотталушыны бас бостандығынан айырмауды, оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады 20.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-20T19:57+0500
2025-11-20T19:57+0500
2025-11-20T20:05+0500
ақмола облысы
такси жүргізушісі
жол апаты
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_f1efef2a6eeada7fed0c383055573e97.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ақмола облысында сот көлік жүргізушіден жол апаты кезінде жолаушыға келтірілген ауыр залал үшін өтемақыны өндіріп алды.Ерейментау аудандық сотында жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.Сотта анықталғандай, 2025 жылдың шілде айында көлік жүргізуші Екібастұз қаласынан Астанаға жолаушыларды тасымалдап, өзімен бір бағытта қозғалып келе жатқан автокөлікке соқтығысқан.Жүргізушінің шаршаңқы күйде көлік басқарғаны, белгіленген жылдамдықты асырғаны, көріну мүмкіндігін ескермегені, алда келе жатқан көлікпен арақашықтықты сақтамағаны, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдағаны анықталды.Ер адам кінәсін мойындап, өкініш білдірді.Зардап шеккен жолаушы сотталушыны бас бостандығынан айырмауды, оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сот осы фактіні және жүргізушінің оң мінездемесін, бұрын сотталмағанын ескерді.Сот үкімімен кінәлі жүргізушіге 1 жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды, пробациялық бақылау белгіленді, сондай-ақ 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.Жәбірленуші жолаушының пайдасына жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам материалдық шығын, моральдық зиян және өкілдің қызметіне төленген шығындар өндірілді.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251111/zhambyl-oblysynda-adam-qagyp-oltirgen-zhurgizushi-sottaldy-58669343.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_fc0946f4fea20485ab867b90afa87ef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, такси жүргізушісі, жол апаты
ақмола облысы, такси жүргізушісі, жол апаты
Жол апатына себепші болған жүргізушіден 15 млн теңге өндірілді
19:57 20.11.2025 (жаңартылды: 20:05 20.11.2025) Зардап шеккен жолаушы сотталушыны бас бостандығынан айырмауды, оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ақмола облысында сот көлік жүргізушіден жол апаты кезінде жолаушыға келтірілген ауыр залал үшін өтемақыны өндіріп алды.
Ерейментау аудандық сотында жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2025 жылдың шілде айында көлік жүргізуші Екібастұз қаласынан Астанаға жолаушыларды тасымалдап, өзімен бір бағытта қозғалып келе жатқан автокөлікке соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан артқы орында қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы ауыр дене жарақаттарын алған. Салдарынан оның оң аяғы ампутацияланып, бас-миы жарақатттанып, денсаулығына ауыр зиян келтірілді", - деп жазылған облыстық сот хабарламасында.
Жүргізушінің шаршаңқы күйде көлік басқарғаны, белгіленген жылдамдықты асырғаны, көріну мүмкіндігін ескермегені, алда келе жатқан көлікпен арақашықтықты сақтамағаны, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдағаны анықталды.
Ер адам кінәсін мойындап, өкініш білдірді.
Зардап шеккен жолаушы сотталушыны бас бостандығынан айырмауды, оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сот осы фактіні және жүргізушінің оң мінездемесін, бұрын сотталмағанын ескерді.
Сот үкімімен кінәлі жүргізушіге 1 жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды, пробациялық бақылау белгіленді, сондай-ақ 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Жәбірленуші жолаушының пайдасына жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам материалдық шығын, моральдық зиян және өкілдің қызметіне төленген шығындар өндірілді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.