Петропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы іске қосылды

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіПетропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы іске қосылды
Петропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2025
Жазылу
Ферма жобалық қуатқа шыққаннан кейін, жылына 2 400 тонна шампиньон және 4 000 тонна компост өндіре алады
АСТАНА, 21 желтоқсан - Sputnik. Петропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы іске қосылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ферма "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы аумағында ашылған. Отандық инвестордың бастамасымен жүзеге асырылған жоба өңдеуді дамытуға, импортты алмастыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіПетропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы ашылды
Петропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2025
Петропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы ашылды
"Жалпы инвестиция көлемі 11 млрд теңгені құрайды, оның жартысы мемлекеттік қолдау тетіктері, соның ішінде "Солтүстік" ӘКК мен "СҚО тәжірибесі" бағдарламасы арқылы қаржыландырылған. Бұл мемлекет пен бизнес серіктестігінің тиімділігін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Кәсіпорынды арнайы экономикалық аймақ аумағында орналастыру инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және қолданыстағы жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік берді. Өндіріс Польшада шығарылған заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін ферма жылына 2 400 тонна шампиньон және 4 000 тонна компост өндіре алады.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіПетропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы іске қосылды
Петропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2025
Петропавлда бірегей саңырауқұлақ фермасы іске қосылды
"Бұл елдегі саңырауқұлақ өнімдеріне деген сұраныстың шамамен 25%-ын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба аясында 65 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, отандық инвесторларды қолдауға және жоғары қосылған құны бар заманауи өндірістер құруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі", - деп жазды министрлік.
СҚО-да жылдық қуаттылығы 12 мың тонна болатын қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2025
СҚО-да жылдық қуаттылығы 12 мың тонна қойытылған сүт өндірісі іске қосылды
Жаңалықтар
0