https://sputnik.kz/20251220/shymkentte-sirek-kezdesetin-otta-satti-zhasaldy-59774236.html
Шымкентте сирек кездесетін ота сәтті жасалды
Шымкентте сирек кездесетін ота сәтті жасалды
Sputnik Қазақстан
57 жастағы науқастың сол бүйрегі алынып, оң жақ мықын артериясына қайта тігіліп орналастырылды 20.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-20T17:18+0500
2025-12-20T17:18+0500
2025-12-20T19:05+0500
шымкент
денсаулық сақтау министрлігі
ота
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/14/59774433_0:0:801:450_1920x0_80_0_0_173f9748a3c395ec0a8e2ae56c23b74b.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Шымкент қаласында алғашқы рет сирек кездесетін күрделі ота сәтті жасалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасы.Қаладағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек аутотрансплантациясы сәтті жүзеге асырылған. Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі операция. 2024 жылы науқастың құрсақ аортасына стент-графт имплантацияланған. Ауруханаға ол ауыр халде түсіп, тексерістен өткен кезде сол жақ бүйрекке баратын артерияның 99% тарылғаны анықталды. Аортада стент-графт орнатылғандықтан, дәстүрлі шунттау операциясын жасау мүмкін болмады. Осыған байланысты науқастың сол бүйрегі алынып, оң жақ мықын артериясына қайта тігіліп орналастырылды, дейді дәрігерлер.
https://sputnik.kz/20251120/almatyda-asa-kurdeli-ota-satti-zhasaldy-58920320.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/14/59774433_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_d7ea80df68868c28b63a521aeadde0cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, денсаулық сақтау министрлігі, ота
шымкент, денсаулық сақтау министрлігі, ота
Шымкентте сирек кездесетін ота сәтті жасалды
17:18 20.12.2025 (жаңартылды: 19:05 20.12.2025) 57 жастағы науқастың сол бүйрегі алынып, оң жақ мықын артериясына қайта тігіліп орналастырылды
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Шымкент қаласында алғашқы рет сирек кездесетін күрделі ота сәтті жасалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасы.
Қаладағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек аутотрансплантациясы сәтті жүзеге асырылған.
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі операция.
"57 жастағы науқас соңғы 5 жыл бойы артериялық гипертензиямен ауырған.Қан қысымы үнемі 250/140 мм сын.бағ. және одан да жоғары көрсеткен. Мұндай жағдайда кез келген уақытта ми қан тамыры жарылып, инсульт алу қаупі өте жоғары", - делінген хабарламада.
2024 жылы науқастың құрсақ аортасына стент-графт имплантацияланған. Ауруханаға ол ауыр халде түсіп, тексерістен өткен кезде сол жақ бүйрекке баратын артерияның 99% тарылғаны анықталды.
Аортада стент-графт орнатылғандықтан, дәстүрлі шунттау операциясын жасау мүмкін болмады. Осыған байланысты науқастың сол бүйрегі алынып, оң жақ мықын артериясына қайта тігіліп орналастырылды, дейді дәрігерлер.