https://sputnik.kz/20251120/almatyda-asa-kurdeli-ota-satti-zhasaldy-58920320.html
Алматыда аса күрделі ота сәтті жасалды
Алматыда аса күрделі ота сәтті жасалды
Sputnik Қазақстан
Операция барысында мамандар аортаның зақымданған бөлігін алып тастады 20.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-20T08:59+0500
2025-11-20T08:59+0500
2025-11-20T08:59+0500
алматы
операция
ота
жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/14/58920421_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_f0bba34e052afbe6a1ad8fdd008797ac.png
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Алматы қалалық кардиологиялық орталығында аортаның (ең ірі қан тамыры) қабаттанып жарылуы диагнозы қойылған пациентке аса күрделі операция сәтті жасалды. Бұл – кардиохирургиядағы ең өмірге қауіпті жағдайлардың бірі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.Пациент 2020 жылы аортакоронарлық шунттау операциясын басынан өткерген. Арада бірнеше жыл өткен соң оның жағдайы қайтадан күрт нашарлап, аортаның қабаттанып жарылуы пайда болды, ол аортаның жыртылуына алып келген. Мұндай жағдайда әр минут шешуші рөл атқарады.Кардиохирургтар жасанды қанайналым аппаратын қолдана отырып, пациенттің қанайналымын толық бақылауда ұстап, шамамен бес сағат бойы жұмыс істеді.Операция барысында мамандар аортаның зақымданған бөлігін алып тастап, оның тұтастығын жасанды тамыр протезі арқылы қалпына келтірді.Команданың үйлесімді жұмысының арқасында пациентке сәтті оперция жасалды. Қазіргі уақытта ер адам дәрігерлердің бақылауында, оның жағдайы тұрақты деп бағалануда."Әрбір мұндай операция – өмір үшін күрес. Біз жағдай қаншалықты ауыр көрінсе де, пациентке мүмкіндік беру үшін заманауи кардиохирургияның барлық мүмкіндігін қолданамыз", – деді қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев.
https://sputnik.kz/20251116/shymkenttik-darigerler-algash-ret-kokbauyrga-tiliksiz-ota-zhasaldy-58823995.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/14/58920421_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_42483dd303b50b10271b8b05594d04e6.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, операция, ота, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары
алматы, операция, ота, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары
Алматыда аса күрделі ота сәтті жасалды
Операция барысында мамандар аортаның зақымданған бөлігін алып тастады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Алматы қалалық кардиологиялық орталығында аортаның (ең ірі қан тамыры) қабаттанып жарылуы диагнозы қойылған пациентке аса күрделі операция сәтті жасалды. Бұл – кардиохирургиядағы ең өмірге қауіпті жағдайлардың бірі, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Пациент 2020 жылы аортакоронарлық шунттау операциясын басынан өткерген. Арада бірнеше жыл өткен соң оның жағдайы қайтадан күрт нашарлап, аортаның қабаттанып жарылуы пайда болды, ол аортаның жыртылуына алып келген. Мұндай жағдайда әр минут шешуші рөл атқарады.
"Аортаның жыртылуы – шұғыл араласуды талап ететін ең ауыр диагноздардың бірі. Екіншіден, бұл — бұрын шунттау жасалғаннан кейінгі ашық жүрекке қайталама операция. Мұндай жағдайларда тіндердің өзгеруі, жабыспалардың болуы өмірлік маңызды құрылымдарды ажыратуды қатты қиындатады", - деп жазылған хабарламада.
Кардиохирургтар жасанды қанайналым аппаратын қолдана отырып, пациенттің қанайналымын толық бақылауда ұстап, шамамен бес сағат бойы жұмыс істеді.
Операция барысында мамандар аортаның зақымданған бөлігін алып тастап, оның тұтастығын жасанды тамыр протезі арқылы қалпына келтірді.
Команданың үйлесімді жұмысының арқасында пациентке сәтті оперция жасалды. Қазіргі уақытта ер адам дәрігерлердің бақылауында, оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.
"Әрбір мұндай операция – өмір үшін күрес. Біз жағдай қаншалықты ауыр көрінсе де, пациентке мүмкіндік беру үшін заманауи кардиохирургияның барлық мүмкіндігін қолданамыз", – деді қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев.